Қостанай қаласының тұрғыны полицияға 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына тиесілі екі көне мылтықты өз еркімен тапсырды. Тарихи құндылығы жоғары қарулар тіркелмеген атыс қаруын сатып алу бойынша республикалық акция аясында қабылданды. Бұл сирек қарулар мұражайға қойылмақ. Ал осы уақытқа дейін олар қала тұрғынының үйінде сақталып келген.

Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT»--та.