Ана мәртебесі асқақтады. Қостанайда көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында аяулы жандарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаты табысталды. 10-ға жуық ананың кеудесіне «Құрмет белгісі» тағылды. 

Марапат алғандардың қатарында алты баланың анасы Анар Жұбанышова да бар. Ол үшін бұл күн қос қуанышпен есте қалды. Себебі көпбалалы ана дәл марапат алған күні өзінің 39 жасқа толған туған күнін де атап өтті. Ол балаларының елге пайдасы тиетін азамат болып өсуін басты арманы санайтынын айтады.

Мемлекет басшысы 30 сәуірде көпбалалы аналарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Марапат иелері ел демографиясының дамуына үлес қосып жүрген жандар. Шара барысында отбасы құндылықтары мен ананың қоғамдағы орны сөз болды.

Салтанатты шарада 9 көпбалалы анаға алқа табысталды. Соның ішінде жалғыз алтын белгіні Татьяна Миронюк алды. Оның айтуынша, отбасының берекесі мен балалардың жетістігі кез келген марапаттан да қымбат.

Бүгінде мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдау бағытында жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Ал мұндай марапаттар ана мәртебесін арттыруға ықпал етеді.