Көлік тізгінінде жүргендердің бәрі бірдей көлік салығын төлеуге асықпайды. Бірі ұмытады, бірі кейінге қалдырады, енді бірі мүлде назар аудармайды. Алайда төленбеген салық уақыт өте келе жай ғана берешек емес, нақты мәселеге айналады.
Мамандардың айтуынша, берешек көлемі жыл сайын миллиондаған теңгеге жетеді. Ал бұл қаржы жолдарды жөндеуге, инфрақұрылымды дамытуға және бюджет шығындарын өтеуге бағытталуы тиіс қаражат.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 11-20 жыл бұрын шыққан автокөлік үшін коэффициент - 0.7, ал 20 жылдан асса 0.5 болып өзгерді