Облыс әкімі жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды. Өңір басшысы шағын шаһарды аралап, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және айналасындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстарына назар аударды. 


Құмар Ақсақалов Арқалық теміржол вокзалын жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жылу электр станциясына да барды. Сол сияқты Орталық «Жігер» стадионын 39-шы облыстық спартакиадаға дайындау мәселесіне де назар аударды. Биыл моноқалада спорттық-сауықтыру орталығы мен жабық хоккей алаңының құрылысы басталды. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Арқалықта үйлердің аулаларын асфальттау жұмыстары қолға алынған. Бүгінде 130 - дан астам ауланың 20-сы ғана ауласы талапқа сай. Аймақ басшысы үй аулаларын ретке келтіруді кешеуілдетуге болмайтынын алға тартып, жауапты сала басшысына мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. 

Құмар Ақсақаловтың моноқалаға жұмыс сапары туралы алдағы хабарымызда толығырақ айтатын боламыз.