16 жастағы қостанайлық велошабандоз Виталина Хоружай халықаралық аренада жарқын жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Биыл ол Филиппинде өткен Азия чемпионатында командалық қуып жету жарысында алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Үндістандағы Азия кубогында күміс жүлдеге қол жеткізген. Толығырақ келесі материалда.


Виталина Хоружай велоспортпен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол республикалық жарыстарда бірнеше рет топ жарып, Қазақстан құрамасының сапына қосылды. Бүгінде жас спортшы халықаралық деңгейде де жоғары нәтиже көрсетіп жүр. 16 жастағы жас чемпион жаттығуларға Мичурино ауылынан велосипедпен келеді. Бұл спорт түрін 10 жастан бастап меңгерген.

Азия чемпионы атанған Виталина болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Жас велошабандоздың келесі мақсаты әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау.

Жас спортшының алдағы жарыс кестесі де тығыз. Жақын күндері ол Щучинск қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Ал одан кейін әлем біріншілігіне дайындықты бастайды.