13 маусым күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайы Өзбекстанның Centrum Air әуе компаниясының Қостанай-Ташкент-Қостанай бағыты бойынша алғашқы тұрақты рейсін қарсы алады. Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын дамытудағы кезекті маңызды қадам болмақ. Жаңа рейс екі ел арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтып, Қостанай облысы тұрғындары үшін көлік қолжетімділігін арттырады және әуежайдың халықаралық бағыттар желісін кеңейтеді.