Облыста алимент үшін берешек 1 миллиард теңгеден асқан. Десек те, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Қарызды өндіріп алудың тиімді тәсілдері осындай нәтиже беріп отыр. Айта кетейік, былтыр өңірде алғаш рет әкелік борышынан жалтарған бір азамат бас бостандығынан айырылған болатын.    

Баланың алдындағы міндеттен жалтарудың түрлі жолы табылғанымен, заң талабынан аттап өту оңай емес. Бүгінде алимент өндіру ісінде борышкерлердің табысын анықтау, банк шоттарын тексеру жұмыстары күшейтілген. Соның нәтижесінде бұрын көлеңкеде қалып келген кірістер де анықталып жатыр.

Уәкілетті органдардың дерегіне сәйкес, еліміз бойынша алимент бойынша жалпы берешек 18 миллиард теңгеге жетіп отыр. Табысын жасырып, жауапкершіліктен қашу - мәселенің уақытша ғана шешімі.