Адам өмірін сақтап қалу үшін кейде санаулы секундтың өзі шешуші рөл атқарады. Қостанайда суға батып бара жатқан азамат дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында аман қалды. Оқиға Тобыл өзенінің маңында болған. 

Оқиға мамырдың шыжыған ыстық күндерінің бірінде орын алған. Тобыл өзенінің маңында суға батып бара жатқан ер адамды байқаған демалушылар бұл туралы 102-ге хабарлайды. Сол күні кезекшілікте болған патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшығұлов дереу Үлкен көпірге жетеді. Ішкі істер саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі тәртіп сақшысы дұрыс шешім қабылдай білген.

Жағалауға алып шыққаннан кейін жедел жәрдем мен құтқарушылар жасағы жеткенше, жағдайының қалыпқа келуін бақылап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 

Осылайша ер адам ажалдан аман қалған. Бейбіт заманда да ерліктің білекте емес, жүректе екенін дәлелдеп, орын алған оқыс оқиғада өз басын қатерге тіккен Медет Қойшығұлов өз әрекетін ерекше ерлік деп санамайды. Менің орнымда болған кез келген адам осылай жасар еді дейді. Төтеншеліктер судағы қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға және рұқсат етілмеген орындарда суға түспеуге шақырады.