Суға шомылу маусымы басталысымен құтқарушылардың жұмысы да күшейді. Белгіленбеген орындарда суға түсіп, өз өмірін қатерге тігетіндер әлі де аз емес. Қауіпті аймақтарда қандай рейдтер жүргізілуде? Құтқарушылар қандай жағдайларға жиі тап болады?
Облыста шомылу маусымы бірінші маусымнан басталды. Күннің ысуына байланысты жағажайларда демалушылар саны артқан. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Рейд барысында мамандар көлдер мен өзендерді моторлы қайықпен аралап, рұқсат етілмеген орындарда суға түскен азаматтарды анықтады. Тұрғындарға жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Бүгінде облыс бойынша 25 ресми шомылу орны жабдықталған. Ал қауіпті деп танылған 226 орынға арнайы ескерту белгілері қойылған. Соған қарамастан ережені елемейтіндер кездеседі. Жыл басынан бері су
айдындарында бірнеше қайғылы жағдай тіркелген.
Суға түсу кезінде қандай қауіптер жиі кездеседі? Мас күйінде шомылудың салдары қандай? Құтқарушылардың тәулік бойғы дайындығы мен рейдтік жұмыстары туралы толығырақ жұма күні, сағат 18:20-да «Дабыл» бағдарламасынан көріңіздер.