Дәрігердің еңбегін дәрігер ғана біледі. 20 жылдан астам ғұмырын медицина саласына арнаған Сырлыбек Тұрсынұлы осылай дейді. Бүгінгі күні ол облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі. Сөзінше, мұнда күніне ондаған ота жасалады. 

Сырлыбек Тұрсынұлының есімі қостанайлықтар үшін жақсы таныс. Ол 23 жылдық еңбек жолында мыңдаған сәтті ота жасап, адам жанының арашасы атанды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдап, алғашқы қызметін Қостанай қалалық ауруханасында бастаған. Медицина әлеміне балалық арманы жетелеген. 

Кейін әріптестерімен бас қосып, жиналысқа қатысады. Білікті маманның сөзінше, мұнда алдын ала жоспар құру екіталай. Себебі, кез-келген уақытта шұғыл көмекті қажет ететін науқас түсуі мүмкін. Ота кезінде әр минут, әр секунд маңызды. Хирургия бөлімінде өт-тасы ауруына қарсы жасалатын операция көш бастап тұр екен. Сырлыбек Мещановтың еңбегін әріптестері де жоғары бағалайды.

Сұранысқа ие маман еңбек жолында облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары да болды. Қостанай аудандық ауруханасында бас дәрігер қызметін атқарған. Науқастарды қолдау қызметінде де жұмыс 

істеген. Игі іске өмірін арнап жүрген дәрігер жайында толығырақ осы жексенбі сағат 19.00-де «Менің қолтаңбам» хабарынан көріңіздер.