Қостанай облысында халық саны азайып барады және оның себептері тек көші-қонмен ғана байланысты емес. Туу көрсеткіші төмендеп, жастар шаңырақ көтеруге асықпайды, ал ажырасу саны артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте статистика департаментінің мамандары мәлімдеді.
Қостанай облысының тұрғындары ел халқының жалпы санының 4%-ын құрайды. Қазіргі таңда өңірде 821 473 адам тұрады. Соңғы жылдары халық санының тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Өткен жылы көрсеткіш 4 мың адамға азайған.