Қостанай облысты агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау бойынша көш бастап тұр. Былтыр елде 8,1 миллион тонна қайта өңделген ауыл шаруашылығы тауары шетелге тасымалданса, оның 27,2 пайызы астықты алқап өңірінің үлесінде. Құмар Ақсақалов өнім экспорттаушы кәсіпорындардың біріне бас сұғып, жұмысымен танысты.

Kaizen жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан екі жыл бұрын іске қосылған еді. Бұршақ дақылдарын өндейтін зауыт түркиялық Arbel халықаралық холдингінің инвестициясы есебінен салынған. Бүгінде мұнда 70 жұмыс орны бар. Өндірісте бұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық сынды төрт түрлі дақыл өңделеді.