Қостанайда оқушылар игі іске ұйытқы болды. «Ізгілік толқыны. Қамқор бол» республикалық челленджі аясында ерекше акция ұйымдастырылды. Бастама жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында пайдаланылған батареялар мен пластик бөтелке қақпақтарын жинау бастамасы да қолға алынған. Бұл оқушылардың табиғатқа жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін де нығайтады.