Табиғатты қорғау. Қоршаған ортаны көгалдандыру. Осыны мақсат еткен науырзымдықтар «Саябақтар шеруі» экологиялық науқанын өткізді. «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған іс-шара ел көлемінде жүзеге асып жатқан бастаманың маңызды бөлігі.

Аудан орталығында өткен акция Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнімен тұспа-тұс келіп, мазмұнын одан әрі тереңдете түсті. Шара барысында 600-ге жуық көшет отырғызылып, елді мекеннің жасыл қорын арттыруға үлес қосылды.