Қостанайда жылу беру келесі дүйсенбіде тоқтатылады. Сондай-ақ, бірінші сәуірден бастап жаңа тарифтер енгізілді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында жылу энергетикалық компаниясының директоры мәлімдеді. Баға қаншалықты өсті? Қазандықтар қашан жөнделеді? Жылу желілерінің тозуы қандай деңгейде?
Облыс орталығындағы 257 шақырым жылу желісінің 59,9 пайызы ескірген. Осы жылы Досжанов, Мәуленов, Тәуелсіздік көшелерінде жүргізілетін жұмыстардан кейін бұл көрсеткіш жасыл деңгейге, яғни 56,79 пайызға дейін төмендемек.
Өткен жылдың желтоқсан айында ұзындығы 109 метр учаскелерде жұмыстар аяқталды. Алда ұзындығы 33 метр басты бу құбырын қайта жаңарту жұмыстары тұр. Ол 1 шілдеге дейін дұрыстау жоспарланған. Бүгінгі таңда қосымша бюджеттік қаржыландырумен тағы 7 жоба қолдау тапты.