Рух пен күштің бәсекесі. Ұзынкөл ауданында еркін күрестен өткен турнирде әр балуан тек қарсыласын емес, өз мүмкіндігінің шегін де сынады. Аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен әр белдесу - қайсарлық пен табандылықтың көрінісі болды. Бұл дода жаңа есімдерді танытып, болашақ чемпиондардың қадамын айқындады

Ұзынкөл ауданында өткен сайыста жеңіске жеткен бұл жеткіншектің есімі Айсана Асқар. Жасы 11-де. Петропавл қаласынан арнайы келген. Екі жыл бұрын еркін күресті таңдаған ол көршілес елдерді де бағындарған. Оны жеңіске жетелейтін әділ-тәсілдерімен де бөлісті.

Өз салмағында үздік атанғандардың тағы бірі Ариана Артанкина. Ресейдің Екатеринбург қаласының спортшысы. Бұған дейін бимен, кейін дзюдомен шұғылданған ол еркін күресте қарсыласын 4 секундтың ішінде тізе бүктірді.