Қостанайда мүлік иелерінің бірлестіктері көпқабатты үйлердің ауласын көгалдандыруға кірісті. Олар өзгелерге үлгі боп, табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тамаша көрінісін сақтау - әрбір азаматтың борышы, деп есептейді. Ал мұндай бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға да сеп болады.

Табиғатты қорғауды парыз санап, оған қамқорлық жасауға белсене кіріскендердің бірі Жолшара Шамбулов. Көршілес тұрған үйдің тұрғыны ағаш отырғызу жақсы үрдіс, қазір отырғызған тал жыл сайын әдемі жасыл желекке айналады дейді.

Талдарды отырғызуға бірлестік төрағалары өздері бастамашы болған. Сайлау Асылбаевтың айтуынша, бұл жерге 5 қауымдастықтың өкілі келген. Ізгі істерімен жастарға үлгі болған жандар еккен ағаштың көлеңкесі біреуге сая болса, оның өзі үлкен қуаныш десті