Қостанайда «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты мен саяси менеджмент академиясының бірлескен жобасы қорытындыланды. «Таңшолпан» оқыту бағдарламасының қатысушыларына сертификат табысталды. Игі бастама қыз-келіншектердің көшбасшылық деңгейін арттырып, саяси сауаттылығын күшейтуге бағытталған.
Қазіргі заманда әйелдің орны тек ошақ қасында емес. Нәзік жандылар билік басында да, бизнес биігінде де бой көрсетуге қауқарлы. Жастар сарайына жиналған мына қыз-келіншектер осыған дәлел. Олар маусым айынан бастап саяси коммуникация, пікірсайыс және көшбасшылық бағытында білім мен тәжірибе жинақтады. Арнайы оқытудан өтті.