Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – ұлттық руханияттың асыл қазынасы. Оның еңбектерінде білім беру, тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттер қалыптастыру мәселелері ерекше көрініс тапқан. Жаңашыл педагог жас ұрпақты адалдық пен еңбекқорлыққа, мейірімділікке баулыды. Бірегей тұлғаның туғанына биыл 185 жыл. Осыған орай алғашқы ағартушы музейі мен қалалық мешіт бірлесіп, болашақ ұстаздарға арналған «Ыбырай шығармашылығындағы адамгершілік аспектілері» атты танымдық конференция ұйымдастырды.

Ы. Алтынсариннің адамгершілік туралы ойлары әңгімелері мен өлеңдерінде айқын байқалады. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінде ол білімнің маңыздылығын айта отырып, адамның дамуын меңзейді. Демек білім – адамды жақсылыққа бастайтын негізгі құрал. Бұл жерде адамгершілік пен білім бір-бірімен өте тығыз байланыста қарастырылады.

Сонымен қатар, оның «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы» сияқты әңгімелерінде еңбекқорлық, қарапайымдылық, сабырлылық сияқты қасиеттер дәріптеледі. Мәселен, «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасында екі түрлі тәрбиені көрген балалардың өмірге деген көзқарасы салыстырылады. Бұл арқылы

еңбек пен төзімділіктің адамды шыңдайтыны көрсетіледі.