Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша облыстық іріктеу кезеңі өтті. Өңірдің 16 ауданы мен 4 қаласынан жиналған қатысушылар қыркүйек айынан ақпан айына дейін оқыған кітаптары бойынша сынға түсті.
Іріктеу кезеңіне қатысқандардың арасында мұғалімдер отбасы да бар. Сол үшін кітапты оқу да, тақырыптар да оларға қиындық тудырмаған. Отанасының айтуынша бұл жобаның ерекшелігі - шетел әбедиетінен туындылардың болуы.
Жобаның бұл кезеңі қазақ және орыс лигасынан құралған. Олардың әрқайсысында 13-14 командадан бар. Қатысушылар 6 кезең бойы оқыған кітаптар бойынша квиз форматындағы сұрақтарға жауап берді.
Осылайша, ұйымдастырушылар «Кітап оқитын әулет» аталымы бойынша жеңімпаздарды анықтаса, негізгі салтанатты
марапаттау 21 сәуір күні өтеді.