Көшедегі жанжал. Кеше «102» пультіне Қостанай қаласында төбелес болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері барлық қатысушыларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі қыздың арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған.

Қарым-қатынасты анықтау жеке кездесуде жалғасып, соңы төбелеске ұласқан. Бұл видеоны өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, кадрлар бірден әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесіне сәйкес әр қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сай құқықтық баға беріледі.