Лев Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын Ақылбек Шаяхметтің «Туған жердің тарланы» атты шығармашылық кеші өтті. Кеште қаламгердің 14 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен ақынның қаламдас достары қатысты.
Қаламгер биыл маусым айында 75 жасқа толады. Осыған орай облыс әкімінің қолдауымен 14 томдық кітабы Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген. Ақынның айтуыша, аталған кітаптарға балауса балғын кезден 50-60 жыл көлемінде жазған жырлары енген.
Журналистік салада жүрген қаламдас інілерінің сөзінше, Ақылбек Қожаұлының шығармашылығы бір мезеттік емес. Бәлки, мәңгілік, өміршең туындылар санатына жатады. Себебі ақындығы, журналистік зерттеуі мен пьесалары соның айқын айғағы.