Қазақстанда жасалған. Әлемге әйгілі «Формула-1»-ден шабыт алған Қостанайлық студенттер алғашқы жарыс болидін құрастырды. Жоба университет жанындағы Озық машина жасау орталығында жүзеге асқан. Болидтің әрбір бөлшегі студенттердің өз қолымен нөлден бастап жасалған. Идеядан бастап есептеу, жобалау, құрастыру және сынаққа дейінгі барлық кезеңді жас инженерлер өздері өткерген.
Студенттердің жобасы - тек оқу жұмысы емес, отандық инженерияның дамуына жасалған алғашқы, әрі нақты қадам. Жас мамандар өз еңбектерін көпшілікке ұсынып отыр.
Идеядан нақты нәтижеге дейінгі жол екі жылға созылған. Осы уақыт ішінде студенттер әр бөлшекті өздері жобалап, кей элементтерін 3D-принтерде басып шығарған. әрбір бөлшектің өзі жеке ғылыми талдауды қажет ететінін және жоғары бағалауға лайық екенін оқытушылар да атап өтеді. Жобаны шарықтау шегіне 5 студент жеткізді.
Студенттік болид жобалары халықаралық деңгейде таңымал Формула 1 жарысынан шабыт алған бастама. Ол «Формул Студен» деген атаумен 1981 жылы АҚШ-тан бастау алады. Сондықтан әлемге кең тарап, тәжірбиелі үлкен инженерлік мектеп ұласқан алаң. Қостанайлық студенттер Қазақстанда алғашқы болғандықтан, білімді өз бетінші зерттеп меңгеруге тәуекел етіп, қолда бар немесе қолжетімді материалдармен жұмыс істеген.