Елімізде 23 сәуір - Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Осыған орай барлық өңірде кітап оқу мәдениетін насихаттайтын шаралар апталығы басталды. 16-23 сәуір аралығын қамтитын бағдарламадан Қостанайлықтар да шет қалмады. Бүгін Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Кітап- өмір ұстазы» атты ашық есік күні өтті.

Ашық есік күні аясында «Кітап – компас» ток-шоуы, «Кітап құпиялары» және «Сиқырлы кітап әлемі» атты тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Мұнда келушілер шығарма желісі бойынша сахналық рөлдерді сомдап, квест ойындарына да қатысты.