Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын мектеп» бағыты қорытындыланды. Байқаудың облыстық кезеңіне бұл жолы жүзден жүйрік, мыңнан оза шапқан 450-ден аса оқушы қатысты
Білімге құштар, санасы ашық, ұмтылысы жоғары. Бүгін сайысқа жиналған өрендерді тек осылай сипаттауға болады. Олар да бір жыл ішінде 15 кітапты оқып, түйін түйді. Енді байқаудың қорытынды кезеңінде бақтарын сынамақшы. Әбубәкір Рахматулла – Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушысы. Ол жан-жақты. Спортпен де айналысады, пәндік олимпиадаға да қатысады. Оқуға да құштар