2025 жылы өңір бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану және кәдеге жарату үлесі өткен жылмен салыстырғанда артып, шамамен 22%-ды құрады. Аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі жол картасы бекітілді. Оған 29 іс-шара енгізілген, олардың 27-сі орындалды, 2 іс-шара орындалу сатысында. Бұл туралы экология департаментінің басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

2025 жылғы бақылау-инспекциялық қызметтің нәтижелері бойынша Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 72 кәсіпкерлік субъектісін тексерді. Бұдан бөлек, 129 объектіге бақылау жүргізіп, 1252 сынама алды және 13 483 талдау орындады. Департамент заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою бойынша да жұмыс жүргізуде. «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның спутниктік түсірілімдері арқылы 2025 жылы 238 заңсыз қоқыс орны анықталды. Олардың ішінде 100%-ы немесе 213 қоқыс орны жойылды, 25 қоқыс орны расталмады. Ғарыштық мониторинг жүргізіле бастағаннан бері стихиялық қоқыс орындарын жою үлесі бойынша оң динамика байқалғанын атап өткен жөн.