Қостанай облысы бойынша былтыр мемлекеттік қызметке орналасуға 3мың адам өтінім берген. Алайда жоғары талап пен қатаң іріктеуден тек 463-і ғана өтіп, жұмысқа қабылданған. Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап іріктеудің жаңа тәртібі қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде кезеңдер саны оңтайландырылып, мерзімдер қысқарды.
Енді мемлекеттік органдар бос орынға 5-7 күннің ішінде қабылдай алады. Құжат тапсыру 3, конкурс 3-4 күнде өтеді. Ал бұған дейін 30 күн қажет еді. Сонымен қатар, талапкерлер мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын тексеретін, жеке қасиеттерді бағалайтын тестілеуден конкурсқа дейін бір рет өтуге мүмкіндігі бар. Осы екі сынақтан алған сертификатпен бір жылдың көлемінде қызметке орналасуға болады.