Заң талабы - бәріне ортақ. Қостанайда сот шешімдерін орындау көрсеткіші артты. 2025 жылы ауданаралық мәжбүрлеп орындау бөліміне 1250 атқарушылық іс түскен. Оның 975-і аяқталып, 145 іс бойынша мүлік тәркіленіп, мемлекет кірісіне өткізілген.
Оның ішінде 10 пәтер мен 14 автокөлік бар. Жалпы 292 борышкер заң талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандардың айтуынша, барлық борышкер сот шешімін өз еркімен орындай бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда заң аясында қатаң шаралар қолданылады. Қазіргі таңда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, цифрлық қызметтер де кеңінен енгізіліп жатыр.