Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалында «Парадигма 2026» 20-шы мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Бұл дәстүрлі шара Ғылым күніне және университет филиалының негізін қалаушылар Таран Атжанов пен Александр Родновтың құрметіне ұйымдастырылды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері, жаңа білім алмасу және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тәжірибелері баяндалды.

Көп адам ғылымды тек ерекше қабілеті бар жандарға ғана тиесілі деп ойлайды. Оны түсіну қиын, күрделі дүние сияқты көрінеді. Бірақ ғылымға қызығатындар үшін бұл – жаңа нәрсені ашуға деген ұмтылыс. Осындай қызығушылық 20-шы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда анық байқалды. Іс-шараға Қазақстан, Ресей және басқа елдерден келген ғалымдар қатысты. Мерейтойлық жиында олар жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесін ортаға салып, өз идеяларымен бөлісті