Қостанайлықтардың коммуналдық қызмет жұмысына көңілі толмайды. Өткен аптада «Айкөмек» ахуалдық орталығына пәтер иелері кооперативтеріне қатысты 66 шағым түскен. Сөздерінше, қоқыс мәселесі әбден әбігерге салған. Тұрғын үй ауласы да уақытында тазаланбайды. Спорттық алаңдардың жай-күйі де алаңдатарлық жағдайда.
Бұл мәселе кезекті әкімдік отырысында талқыланды. Марат Жүндібаев тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысына сала жұмысын бір жүйеге келтіруді тапсырды. Қазір шаһарда санитарлық тазалау айлығы да жүріп жатыр. Сол себепті де қаланы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын күшейту керек еді.