Жітіқарада прокурорлар дропперлік бойынша айыпталған екі жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істерді сотқа жолдады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың ақшалай сыйақы үшін бұрын таныс емес тұлғаларға үш банктік шотқа қолжетімділікті бергені анықталған.

Кейіннен аталған шоттар алаяқтық әрекеттер нәтижесінде жәбірленушілерден ұрланған ақша қаражатын шығару үшін пайдаланылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады. Айта кетейік, 2025 жылғы қыркүйектен бастап заңнамаға банктік шоттарға, төлем құралдарына және сәйкестендіру құралдарына қолжетімділікті заңсыз беру, табыстау және алу, сондай-ақ төлемдермен ақша аударымдарын заңсыз жүргізу үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық құрамы енгізілді. Аталған баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Биыл жыл басынан бері облыста дропперлік бойынша 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 2 іс сотқа жолданған. Өңірде алаяқтыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алаяқтықтың жалпы саны 19,1%-ға, ал интернет-алаяқтық 12,3%-ға төмендегені байқалады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының ұсыныстары бойынша екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 307 млн теңгені құрайтын 112 несиені тоқтатқан. Соттарда жалпы сомасы 293 млн теңгені құрайтын 191 талап-арыз қанағаттандырылған.