Енді қостанайлықтар үшін сұранысқа ие медициналық қызметтің тағы бірқатар түрі әлдеқайда қолжетімді болмақ. Облыстық ауруханада гастроэнтерология, пульмонология, нефрология сынды бірден бірнеше бөлімше ашылды. Бүгін ақ халаттылар журналистер қауымы үшін баспасөз турын ұйымдастырып, тұрғындарға жедел әрі сапалы көрсетілетін қызметтермен таныстырды.
Облыстық ауруханада гастроэнтерология бөлімі бірінші сәуірде ашылған. Мұнда полип, гастрит, ойық жара ауруына қарсы мамандандырылған қызмет көрсетіледі. Бұрын науқастар терапия бөлімшесінде емделген. Қазірдің өзінде 13 адам ем қабылдап жатыр