Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына биыл 160 жыл. Ел тағдыры мен ұлт мүддесі жолына өмірін арнаған қайраткердің мерейлі жылына орай Қостанайдағы бас мешітте арнайы жиын өтті. Іс-шара барысында, ғалымның өмір жолы мен жүріп өткен жолы баяндалды. Толығырақ тілші тарқатсын.
Жиынға отызға жуық студент қатысты. Кездесу барысында, Әлихан Бөкейхановтың қоғамдағы сіңірген еңбегі, ел тәуелсіздігі жолында атқарған тарихи маңызы зор істері кеңінен баяндалып, оның ұлт тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді.