Қостанайдағы Журналистер аллеясында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сенбілік өткізді. Аллеяның бойын қоқыстан тазартып, маңайды ретке келтірді. Осылайша, өз кәсіби бірліктерін көрсетіп қана қоймай, қаланың көркін жақсартуға үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті насихаттады.

Төртінші билік өкілдері аллеяны тазартып жүріп, өзара пікір алмасып, маңызды аақпараттарды қызу талқылап та жатыр. «Qostanai» телеарнасының редакторлары, «Наш Костанай», «Костанай таңы», «Костанайские новости», «Зелёное яблоко» сияқты басылымдарының тілшілері, сондай-ақ өңірлік коммуникация қызметінің өкілдері де шараға атсалысты.