Жыл басынан бері өңірде ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар саны азайған. Алайда интернет-алаяқтық деректері әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Құзырлы орган өкілдері соңғы үш айдың қорытындысын жариялады.

Ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша 324 қылмыс тіркелген. Басым бөлігін интернет-алаяқтық фактілері құрайды. Атап айтқанда, ғалам тор арқылы жасалған алаяқтықтың 286 дерегі тіркелді. Сонымен қатар, интернет қолданушыларына қатысты 19 ұрлық және банк шоттарына заңсыз қол жеткізуге байланысты 19 факті анықталған. Киберқылмыс жасаған немесе оған қатысы бар 49 адам ұсталды. Олардың қатарында «дропперлер» деп аталатын делдалдар да бар.