Қостанайда қоғамдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықты тұрақты жұмыспен қамту және жас мамандарға бағыт-бағдар беру мақсатында мемлекеттік қызметке арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара өңір тұрғындары үшін маңызды алаңға айналып, жұмыс іздеушілер мен мемлекеттік мекемелер арасындағы тиімді байланысты нығайтты.