Қарасу ауылында жарты ғасырға жуық қара жерге дән сеуіп, егіншілікті ата кәсіп еткен диқандар әулеті тұрады. Данияровтар отбасында бұл кәсіп атадан балаға қалатын аманат. Адал еңбектің қадірін білетін жанұя жайында келесі бейнеметариалдан көріңіз.

Осыдан 30 жыл бұрын 200 гектар ғана жерге егін егіп, шаруа бастаған алқаптың аумағы бүгін 5 мыңға жетті. Тимур мұны әкесінің қажыр-қайраты, ісіне деген адалдықтың арқасы деп біледі. Әкесі Андрей Данияров та ата жолын жалғаған диқан. Бүгінде бабаларының маңдай тері сіңген, ырысы мол жердің несібесін ұрпағы да көріп отыр.