Облыс орталығында жылма жыл жаңа, әсем ғимараттар бой түзеп, абаттандыру жұмыстары қарқын алып келеді. Алайда, кейбір жекеменшік нысандар бұған салғырт қарап, қаланың көркін бұзады. Бұл, әкімдіктің сауда нысандарына рейд жүргізуіне түрткі болды. Мониторингтік топ аумақтың тазалығын, ғимараттардың қасбетін тексеріп, талапқа қаншалықты сәйкестігін қадағалады.

Сыртқа шығып тұрған ашық сымдар, түсіп қалған жазулар, дұрыс бекітілмеген маңдайшалар бұның барлығы ескерту жасауға себеп болды