Күрделі мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіріп, жаңа бастамаларға ынталандыру. Қостанайда Ғылым қызметкерлері күніне орай ерекше форматтағы TED Talks кездесуі өтті. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған жиын ғылым мен мемлекеттік қызметтің өзара байланысын жаңа қырынан талқылауға мүмкіндік берді. Айта кетейік, Қазақстанда бұл формат білім беру, тарих және мотивация салаларында кеңінен қолданылуда.