Қостанайда қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен жаңартылуда. Олардың қатары тағы 12 жаңа көлікпен толығып, бүгіннен бастап жолға шықты. Автобустардың іші бейнебақылау, телефон қуаттағыш, электронды төлем құрылғысы және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық ыңғайлы жағдай қарастырылған.