Қостанайда 6-шы сәуірден бастап санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлық науқаны басталады. Негізгі мақсат – шаһарды абаттандырып, көгалдандыру ғана емес, тұрғындардың арасында экологиялық мәдениетті дамыту. Қала әкімінің сөзінше, облыс орталығы былтырғы «Таза Қазақстан» акциясы бойынша үздік нәтиже көрсеткен аймақтардың бірі. Әкімдік отырысында Марат Жүндібаев «Айкөмек» орталығына келіп түсетін мәселелерге де назар аударды.

Тұрғындардың басым бөлігін ашық люктер мәселесі алаңдатады. Дәл осы сауал бойынша соңғы бір аптада ахуалдық орталыққа 173 шағым түскен. Сондай-ақ, кейбір көшелерде асфальт жабыны опырылып жатыр деп те фотосуреттер жолдаған азаматтар. Қала әкімінің сөзінше, олардың кейбірі жасанды интеллектпен жасалып, шындыққа жанаспайды.