Бірнеше айдан соң «Жасыл ел» еңбек жасағы кезекті маусымын бастайды. Биыл өңірде 2 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылып, аймақ тазалығына үлес қоспақшы. Ал сәуір, мамыр айларында ақпараттық іс-шаралар қарқын алып, жобаға қатысуға өтінім беру басталады.

Соңғы бес жылда «Жасыл ел» жобасына 9 мыңнан аса жастар қатысқан. Ал биыл еңбек жасағын ұйымдастыру үшін облыс бюджетінен 264 млн теңге бөлініпті. Жоспар бойынша 1900 азамат жұмыспен қамтылады. Ал олардың жалақысы орта есеппен 109 мың теңге болмақ.

Игі жобаға 14-35 жас аралығындағы жандар қатыса алады.