Қостанай қаласында мас күйдегі агрессивті топ тәртіп сақшысына күш көрсетті. Оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

Полиция өкілі кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүрген сәтте қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға ескерту жасаған. Алайда құқық бұзушылар қарсылық танытып, ашық шабуылға көшкен. Күдіктілердің барлығы дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция департаменті мұндай заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті. Кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.