Ұлттық болмыс әрқашан сәнде болуы қажет. Бұл елдегі әр азамат ұстанатын қағидалардың бірі. Осы ретте түрлі шаралар мен жобалар да қолға алынған. Таяуда Қостанайлық оқушы Софья Василенко ою-өрнектерді заманауи дизайн мен киімде қолдану жолдарын көрсеткен авторлық арт-кітап жасады. Ғылыми ізденісі үшін байқау жеңімпазы атанды.
Жас зерттеуші Горький атындағы гимназияда білім алады. Өзінің тың идеясын жүзеге асыру арқылы республикалық ғылыми жобалар байқауында екінші орын иеленді. Ауқымды еңбектің өзектілігі мен ерекшелігі – арт-инсталляцияның жасалуында.