Қостанайда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Айта кетсек, бұл еліміздің беделді кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ең ірі білім беру жобаларының бірі. Жоба іздемпаз, әрі дарынды ауыл балаларын анықтап, оларға сапалы білім алуға жол ашады.

Жарқын болашақ үшін бақталасқа 400-ден астам оқушы жиналды. Олардың әрқайсысы өз өңірінде іріктеуден өтіп, енді облыстық кезеңдегі келесі сынақта білімдерін сынға салды.