Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде бұрын-соңды болмаған ерекше әрі жүрекке жылу сыйлайтын тағылымды іс-шара өтті. Оған өңірдің игі жақсылары мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Қоғамда отабы институтын дамытуға бағытталған тың бастама ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасып, көпің есінде қаларлық рухани мерекеге айналды.

Бұл бастаманы облыстық Әйелдер күші Альянсы қолға алып, мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тапты. Ал оның Ыбырай музейінде өтуінің де өзіндік мәні бар. Ол ұлы ағартушының 185 жылдығына орайластырылған. Наурызбен бірге келген жылқы жылында тұсауы кесілген бүлдіршіндер құлындай құлдыраңдап, өмір бәйгесінде сүрінбей, нық қадам бассын деген ақ тілектер айтылды.