Бизнес нысандарының сырт-келбеті қаланың дизайн-кодына сай болуы тиіс. Шаһар басшысы кезекті әкімдік отырысында осылай деді. Ғимараттардың қасбетін келісті қылу да маңызды екенін айтты. Айта кетейік, бұл міндетті орындау мақсатында Қостанайда бірқатар іс-шаралар қолға алынып, халықтың әл-ауқатын арттыруға облыс бюджетінен қомақты қаржы игеріледі.
Шаһарда тозығы жетіп, өні қашқан ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлердің саны күннен күнге азайып келеді. Естеріңізге салсақ, Марат Жүндібаев осыдан бір жыл бұрын қаладағы нысандарды бір архитектуралық стильге келтіру міндетін жүктеген еді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кейбір меншік иелері бұл тапсырманы елемеген де. Мәселен, былтыр 4800-ге жуық азаматқа дәл осы мәселе бойынша хаттама толтырылған. Тек 34-і айыппұл арқалапты. Ал жыл басталғалы 2069 меншік иесі заңға қайшы келген.