Қостанайда ұстаздар қауымының кәсіби және рухани дамуына бағытталған «Кітап оқитын педагог» байқауының аудандық кезеңі мәресіне жетті. Бұл жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды, мұғалімдердің оқырмандық белсенділігін арттыру арқылы өскелең ұрпаққа үлгі болуын көздейді.

Аудандық кезеңге білім беру ұйымдарынан іріктелген үздік педагогтер қатысып, өзара бақ сынады. Олар өздерінің оқыған кітаптары бойынша тест тапсырды. Қатысушылар көркем әдебиет, ғылыми-танымдық еңбектер мен педагогикалық бағыттағы өздері оқыған 15 кітапты талдап, еңбектердің тәрбиелік және білімдік маңызын жан-жақты ашып көрсетті.