Кез келген елдің даму дәрежесі оның экономикалық-әлеуметтік деңгейімен ғана емес, мәдени-рухани саладағы жетістіктерімен де өлшенетіні аян. Бұл ретте, театрдың алатын орны ерекше. Қостанайда халықаралық театр күніне орай салтанатты жиын өтті. Мәдениет қызметкерлері бас қосқан кеште саланың дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері жоғары бағаланды.
Шараның ресми бөлімінде өңірдің мәдениет саласының
өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымының өңір мәдениетін дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті. Олар сахна сыртында еңбек ететін мамандардан бастап, әртістерге дейінгі барлық қызметкерлердің жұмысы зор құрметке лайық екенін жеткізді.