Қостанай облысында су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді. Өңір аумағында бүгінгі күні 98 гидротехникалық құрылыс бар. Оның басым бөлігі коммуналдық меншікте. Мамандардың зерттеуіне сәйкес, 18 нысанда жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке сала мамандары мәлім етті.

Облыстық бюджет есебінен 9 гидротехникалық құрылыс жөнделіп, бұл мақсатқа 467 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «Демеу Қазақстан қоры» арқылы тағы 3 нысан қалпына келтіріліп, 788 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ал 6 нысан шаруашылық тәсілмен ретке келтірілген.